Кәріз жүйесін тарту кезінде қайғылы жағдай орын алды

ATPress.kz. 4 қыркүйек. Атырау облысының Индер ауданында кәріз жүйесін тарту кезінде қайғылы жағдай орын алды. Екі адам жарақаттанып, бір жұмысшы көз жұмды.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тосын оқиға 2 қыркүйек күні сағат 15.48-де тіркелген. Индербор поселкесіндегі Мир көшесінің бойында кәріз жүйесін жүргізу кезінде қазылған ордың қабырғасы опырылып кеткен. Салдарынан «Тараз Сәулет» ЖШС-нің жұмысшылары құландының астында қалыпты. 28 жасар жігіт оқиға орнында көз жұмған. Ал, 30 және 42 жастағы азамат түрлі жарақаттар алып, алғашқы медициналық көмектен соң Индер аудандық ауруханасына түскен.

 

Айдос Қарабала

Фото kurer-sreda.ru сайтынан алынған