Атырауда "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аталған іс-шара басталғалы 10 тәулік ішінде 2000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олар жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, іс-шара аясында жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жасөспірімдер жарақатының алдын-алуға, тәртіп сақшыларының тарапынан аса назар аударылуда. Бұл ретте, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балаларды тасымалдау ережелерін бұзған, яғни, арнайы ұстап тұру құрылғысы жоқ күйінде тасымалдаған жүргізушілерді (ата-аналар) анықтады. Жүргізушілерге қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабына сәйкес хаттама толтырылған.
Осы ретте, полицейлер осы заң аяасында 5 АЕК көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалатынын айтып, жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.