Интернет кеңістігіндегі қауіпті 105 материалға шектеу қойылды

ATPress.kz. 30 маусым. Атырау облыстық прокуратурасы интернет кеңістігіне жүргізген мониторинг нәтижесінде қауіпті 105 материалға шектеу қойған. Оның 74-і Конституция және басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе, 21-і жарылғыш құрыл

Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясын өткізген Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә. Нәутиев, облыс прокуроры Ғ. Тоғызбаев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Қ. Көшқалиев және т.б. құзырлы орган өкілдері «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы бірлескен іс-шараны қорытындылады. 

Акция аясында ведомствоаралық топ құрылып, халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Жалпы, 600-ден астам шара ұйымдастырылып, шалғай елді-мекендердегі 52 мыңға жуық адам қамтылыпты.

Сондай-ақ, 344 адам тұрақты жұмысқа орналасып, кәсіпкерлік курстарына 500-ден астам ауыл тұрғыны қатысқан. Ал, 3500-ге жуық азаматқа медициналық көмек көрсетілген. Оның ішінде 300 науқасқа диагноз қойылып, ем тағайындалыпты. 80 адамға аудандық және облыстық емдеу орындарына, екі адамға республикалық кардиологиялық орталыққа жолдама берілген. 

«Бұл акцияның нәтижесінде көптеген өзекті мәселелер шешілді. Бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдар жойылды», - дейді облыс прокуроры Ғ.Тоғызбаев.

 

Айдос Қарабала

Сурет Рахим Қойлыбаевтікі