ATPress.kz. 20 қыркүйек. Атырауда дағыстандық азамат еңбекақысын талап ету үшін трансформаторға шыққан. Тергеу барысында оның ішімдік ішкені анықталды.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, полицияға хабар 18 қыркүйек күні сағат 18.30-да түскен. Яғни, ер адам «Нұрсая» ықшам ауданындағы №17 үйдің маңындағы трансформаторға шығып, наразылық білдірген.
Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары, оның 1963 жылы туған Ресей Федерациясы, Дағыстан Республикасының азаматы екенін анықтады. Ол, трансформатордың үстінде тұрып, өзінің еңбекақысын талап еткен. Кейін белгілі болғандай, дағыстандық азамат «Нұрсая» ықшам ауданында тұрғын үй құрылысымен айналысатын «Казстройарсенал» мекемесінің бригадирі болып шықты.
Ол трансформатордан аман есен түсіріліп, Атырау қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Бүгінде еңбек инспекциясымен бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Айдос Қарабала
Фото wikiwand.com сайтынан алынған