ATPress.kz. 4 сәуір. Атырауда колонияға жасырын түрде бірнеше телефонды кіргізбек болған тұрғынның әрекеті әшкере болды.
«Бұл туралы Атырау облысы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті таратқан баспасөз мәлімдемесінен белгілі болып отыр», - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі.
Оқиға былай болған. «Еңбек - Атырау» РМК жұмысшыларының бірі колонияға ағаш фанераны кіргізбек болған. Тексеру бөлмесінде рентген аппараты ағаш фанераның ішіне 27 дана ұялы телефон, құлаққап, телефон қуаттағыш пен сим-картаны жасырғанын анықтап берді. Жабық аймаққа тыйым салынған заттарды алып өтпек болған қызметкер Атырау қаласы ішкі істер бөлімінің тергеу-жедел тобына түсінік берді. Тергеу жұмыстарына байланысты, оқиғаның анық-қанығы құпия сақталып отыр.
Бек Әзберген