Елбасы жолдауы - қылмысты азайтуды міндеттейді

АTPress.kz. 2 ақпан. Биылғы жылы Атырау қаласында қылмыстың жолын кесу шаралары бойынша көшелер мен мен қала маңындағы елді-мекендерге 300 бейнекамера орнатуға ұсыныс берілді. Бұдан бөлек, қылмыс жиі орын алатын көлік жолдарына алпысқа тарта жасанды жол к

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кешегі жолдауынан туындаған міндеттер мен олардың орындалысы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Атырау облыстық ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция бастығының міндетін атқарушы Әлібек Қайыровтың мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда облыста құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың құқықбұзушылықтарды анықтап табуына да барлық мүмкіндік жасалған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша көшеде жасалған қылмыстар санының 20 пайызға азаюы да осының айғағы. Жергілікті полиция қызметінің құрамымен былтыр жүз отыз төрт мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оларға 994 миллионнан астам теңге айыппұл салынған. 

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында бесінші басымдықты қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлықпен күреске берген болатын. 

- Берілген тапсырманы орындауға мүмкіндігіміз жеткілікті. Қазір Атырау облысында  құқық қорғау қызметкерлеріне берілген 256 мың автокөлік бар. Биыл Атырау облысы аумағы бойынша жиырма учаскелік полиция бекетін және тұрғын үйі бар қызметтік бөлмелер құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда қалада 231 бейне камера болса, қаланың көлемінің өсуіне байланысты сырттағы ауылдар мен ықшам аудандарға 300 керектігі туралы ұсыныс жіберілді. Қылмысқа жол бермеу мақсатындағы қызметті күшейте береміз, - деді полиция полковнигі Ә.Қайыров.

 

Нұрбейбіт Нұғыманов