Дамбы ауылының тұсында қайық суға батып кетті

ATPress.kz. 11 қыркүйек. Атырау қаласының іргесіндегі Дамбы ауылының тұсында қайық суға батып кетті. Салдарынан, қайық жүргізуші жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Айтуынша, қайғылы оқиға 8 қыркүйек күні сағат 00.30-да орын алған. Қайықты тізгіндеген 37 жасар азамат қасындағы төрт жолдасымен бірге «Приморский» каналда келе жатқанда қайық аударылып, өзі суға батып кетіпті. Ал, жолдастары су бетіне жүзіп шыққан. 

Бүгінде, «тілсіз жаудың» құрбанына айналған 1980 жылы туған жігіттің мүрдесі табылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.  

 

Айдос Қарабала

Фото gorodkirov.ru сайтынан алынған