Браконьерлікпен күресте алдыңғы шептегі мамандарды мұқият таңдау міндеттелді

ATPress.kz. 2 ақпан. Заңсыз балық аулаушылармен күрес нәтижелі болу үшін су полициясы мен балық инспекциясының қосымша бөлімдерін ашу қажет. «Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осындай тапсырма берді», - деп хаба

Балық шаруашылығының проблемаларына қатысты өткізген көшпелі жиында Нұрлан Ноғаев басшыларды браконьерлікпен күресте алдыңғы шепте болатын мамандарды мұқият таңдауға шақырды. 

«Егер жасалып жатқан жұмыстар нәтиже бермесе, белгілі бір себептері болуы керек. Демек, ол мамандар браконьерлермен сыбайлас, жұмыс істеуге ниеттері жоқ деген сөз. Ал, егер нақты осылай болса, ондай адамдарды жұмыстан босатып, өзіне жауапкершілік пен міндет ала алатын, жұмыс істейтіндерді қызметке алу керек», - деді Нұрлан Ноғаев.

 

Бек Әзберген