ATPress.kz. 20 қыркүйек. Атырауда бекіре балығын сатпақшы болған азаматша ұсталды. Тексеру барысында одан 35 келіден астам балық тәркіленген.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 44 жастағы әйел Атырау қаласындағы Смағұлов бульварында орналасқан жазғы кафеге бекіре тұқымдас балықты жеткізіп, келісін үш мың теңгеден саудаламақшы болған. Өзінің айтуынша, құнды балықты «Көктем» базарындағы белгісіз азаматтан сатып алыпты.
Тексеру барысында 35 келіден астам бекіре балығы табылып, оның 1,5 келісі сот-биологиялық және тауарлық сараптамаға жіберілді. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 339 бабы негізінде сот алды тергеу жұмыстары басталған.
Айдос Қарабала
Фото Атырау облыстық ІІД-нің Фейсбуктегі парақшасынан алынған