«Бекіре-2017» балық қорғау акциясы аяқталды

АTPress.kz. 8 маусым. Екі айға созылған дәстүрлі акция қорытындысы бойынша табиғат қорғау және құқық қорғау органдары Маңғыстау облысы бойынша 136 заң бұзушылық, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 167, ал Атырау облысы бойынша 721 заңсыз балық аулау әрекетт

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Атырау облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы басқармасының міндетін атқарушы Марат Абдрахманның мәліметіне сүйенсек, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында балық қорғаушылар 1024 табиғат қорғау заңнамасын, оның ішінде 217 өрескел сипаттағы әрекетерді анықтаған. 

- Балық қорғау акциясы барысында браконьерлерден 64 тонна 350 келі балық, оның ішінде 126 келі бекіре тұқымдас балық және 11 келі бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы алынды. Сондай-ақ, 5134 дана аулау құралы, соның ішінде иесіз 118 жүзу құралы, 42 бірлік автомотокөлік құралы заңсыз айналымнан  алынды, - деп атап өтті М. Абдрахман.

Акция кезінде барлығы 826 адам әкімшілік жауакершілікке тартылса, 129-на қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, 21 қылмыстық іс бойынша сот шешімдері шығарылып, балық қорғау заңнамасын бұзушыларға 13,4 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған. 

 

Мереке Асанова