АTPress.kz. 31 мамыр. Жазғы демалысқа шыққан атыраулық ойын балалары жағалауға жиналып, суға түсу маусымын бастап кетті. Тыйым салынған жерден Жайыққа секіріп жатқан балаларды кім қадағалап отыр?
Өңірлік құтқару қызметі басшысының орынбасары Асқар Айтекеновтің мәліметіне сүйенсек, Жайық суының толассыз келуіне байланысты шомылу маусымы жақын уақытта басталмайтын көрінеді.
Суға шомылу маусымы басталатын нақты күнді қала әкімдігі белгілейді. Оған дейін құтқару қызметі өзен бойында қайықпен күнделікті бақылау жүргізіп отыр, дейді құтқару қызметінің өкілі.
Нұрбейбіт Нұғыманов
Сурет автордікі