Ауылдастарын алдаған алаяқ әйел ұсталды

ATPress.kz. 2 маусым. Ауылдастарын алдап, сан соқтырған алаяқ әйел ұсталды. Ол жұмысқа орналастырам деп Жұмыскер ауылының тұрғындарының бірінен 100 мың, екіншісінен 60 мың теңгені қалтасына басқан.

Бұл туралы Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Олардың айтуынша, алаяқ әйелге алданған Жұмыскердің екі тұрғыны 1 маусымда полицейлерге шағымданған. Арызда көрсетілгендей «алаяқ қызметке орналастырам деп сан түрлі уәде беріп, жәбірленушілердің көңілін тауып, ақпан айында ақша алған. Кейін із-түссіз таптырмай кеткен».

Бүгінде жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде алаяқтық жасаған әйел ұсталды. Ол 1961 жылы туған Жұмыскер ауылының тұрғыны болып шықты. 

Енді Қылмыстық Кодекстің 190 бабы, 1 бөлігі бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Айдос Қарабала

Фото ncrim.ru сайтынан алынған