Мереке күндері тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Тойшыұлының қатысуымен жеке құрамға саптық жиын өткізілді.
Айта кетейік, Атырауда полицейлер мереке күндері қызметтің күшейтілген режиміне көшірілді. Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Тойшыұлы жеке құрамның аталған күндер аралығында күшейтілген режимге көшірілуін Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылатын мерекелік шаралар кезінде облыс көлеміндегі қоғамдық тәртіпті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу, төтенше жағдайдарды болдырмау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қалтқысыз қызмет ету қажет деп түсіндірді.
- Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында біз қызметтің күшейтілген түрінде қызмет атқарып, азаматтарға қауіпсіз, әрі жайлы жағдай жасау үшін барлық шараны қамтамасыз ететін боламыз. Осы күндер аралығында жеке құрам тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде, жалпы, тұтастай аудан аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында тиісті жұмыстар атқарады, - деді өз сөзінде Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Тойшыұлы.