Атырауда тағы да ата-аналарды қорқытқан хабарлама тарады (+ВИДЕО)
Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Атырау қаласындағы мектептерде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы тағы да ақпарат таралуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. 26 қаңтардан бері құзіретті органдармен бірлесіп оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз. Мектеп оқушылары штаттық режимде оқуларын жалғастыруда, полиция және өзге де құзырлы органдар тиісінше қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және тыныштықты сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ