Атырауда пара алған банк басшысы ұсталды

ATPress.kz. 30 мамыр. Атырау облысының Индер ауданында несие үшін заңсыз сыйақы алған банк басшысы ұсталды. «Қазақстан Халық банкі» АҚ Индер аудандық басқармасының басшысы жалпы көлемі 5 млн теңгеден жоғары несие мәселесін оңтайлы шешкені үшін жүйелі түрд

Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қаһарман Жәрдемов хабарлады. Оның айтуынша, күдікті бұған дейін де бірнеше азаматқа көмек көрсеткен болуы мүмкін.

Бүгінде «Параға коммерциялық сатып алу» бабы бойынша қылмыстық іс көтерілген. Енді пара алған банк басшысының мүлкі тәркіленіп, лауазымды қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға шеттетіліп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Айдос Қарабала

Сурет Рахим Қойлыбаевтікі