Атырауда мыңға жуық көлік айып тұрағына қойылды

Жыл басынан бері облыс орталығында 6 мыңнан астам құқық бұзушылық дерегі анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қаласы аумағында "Қорғау-қауіпті жүргізуші" шарасы мен "Сергек" ақпараттық жүйесінің көмегімен жыл басынан бері 6510 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған. Оның ішінде, айыппұлдарын төлемей жүрген 2580 борышкер анықталып, айыппұлдары өндіріліп, арнаулы тұраққа 792 автокөлік қойылды.

Ал, 1 апта ішінде айыппұлдарын төлемей жүрген 342 автокөлік анықталып, 8 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген.

Осы ретте,атыраулық полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керегін ескертеді.