Құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Көліктегі полиция департаменті Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет атқару учаскесінде 2024 жылғы 8-12 қаңтар аралығында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі мәлім етті. Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің полиция қызметкерлері ескертеді:
– Пойыз жүріп бара жатқанда отыруға немесе түсуге болмайды, пойыз толық тоқтаған кезде түсесіз;
– Теміржол бойынан белгіленбеген жерден және вагон астынан өтпеуге; – Балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды;
– Теміржол маңында ашық ойындарды ұйымдастырмауға;
– Келе жатқан поезд алдынан жүгіріп өтпеңіз;
– Есте сақтаңыз Теміржол-ойын алаңы емес!
– Жолаушылар поезының жол жүруі кезінде тәртіп бұзушылықтың, қылмыс пен оқиғалардың әрбір фактісі туралы көлік полициясы қызметкерлерін хабардар етуге.
Сондай-ақ, сағат 23:00 ден 06:00-ге дейін заңды өкілінің, ата анасының қадағалауынсыз жасөспірімдердің түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерде жүрмеу керек екендігі ескертеді. Атырау станциясы желілік полиция бөліміне қарасты қызмет атқару аймағында қадағалаусыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтаған жағдайда, ата-аналары ҚР ӘҚБтК 442 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.