Атырауда бұрынғы сотталғандарды әлеуметтендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

ATPress.kz. 18 маусым. Түрмеден босатылған адамдарға жұмыс табу, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және құқықтық қолдау көрсету тұрақты түрде жүзеге асады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованың төрағалығымен пробация органдарында тіркелген бұрынғы сотталғандарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биылғы жылы 57 азамат бас бостандығынан айыру орындарынан оралған. Сынақ орындарында 185 адам бекітілген. Осылайша, жұмыспен қамтудың уәкілетті органдарына 242 адам тіркеліпті.

«Тізім бойынша 142 адамға әр түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді: 29 адам жұмысқа орналасты, 15 адам квота бойынша жұмыс істеді, қоғамдық жұмыстарға 8 адам тартылды, қайта даярлаудан 19-ы өтті. Сонымен бірге жеті адам әлеуметтік қолдаудан бас тартты, біреуі денсаулығына байланысты жұмысқа бара алмады, 12 адам жұмысқа орналасу билігінің тізімінен кетіп қалды, себебі олар жұмысқа орналасуға келіспеді. Бұдан басқа, 1 адам жеке кәсіпкер болды, тағы үшеуі «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқытуға жіберілді. Жалпы, 60 адам жұмыс берушілерге бағытталды», - деп мәлімдеді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асқар Жанахмет.

Айта кету керек, әлеуметтік көмек көрсетілмеген 100 адамға Жұмыспен қамту орталықтарына келу және тіркелу қажет екендігі туралы хабар берілді.

«Бұл 100 адам міндетті түрде әлеуметтену және жұмыс табу үшін көмек алуға міндетті. Психологтар мен менеджерлер, адвокаттар онымен сөйлесуі керек. Олар мемлекеттің назарынан тыс қалмауы қажет», - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова

Сондай-ақ, қазіргі таңда ҮЕҰ және азаматтық институттар сотталғандарды табу және көмектесуге ықпалын тигізуде. Осылайша, қалалық ішкі саясат бөлімі сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында бірлескен жұмыс жоспарын әзірледі.

«Атап айтқанда, осы айда бұрынғы сотталғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кездесу өткізу жоспарланып отыр. Содан кейін мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында нақты ұсыныстар енгізілетін болады», - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев.

Қазіргі уақытта ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы Атырау облысының тұрғындарына арналған құқықтық кеңес беру, әр тұрғын кез-келген жағдайда өзінің құқықтары мен міндеттерін білуіне мүмкіндік жасау, заңға қайшы әрекеттердің алдын-алуға үйрету, өзіндік әлеуметтік мәртебесін анықтауға, қоғамнан өз орнын табуға ықпал ету, мәселердің заң шеңберіндегі шешімін табуға жәрдемдесу мақсатында «Заң Clinic» жобасын іске асыруда.

Комиссия қорытындысы бойынша жергілікті әкімдіктерге және аудандағы басшыларға, салалық мекеме өкілдеріне сотталып шыққан азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін жұмыс берушілердің бірлескен тексерулерін ұйымдастыру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға қатысатын ұйымдардың жұмыстарына тарту туралы нақты тапсырмалар беріліп, қосымша психологтар штатын құрып, осы санаттағы азаматтарды оқытатын колледждердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру тапсырылды. 

 

Айқара Ғұмар