Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"30 сәуірден бастап орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Махамбет көшесінің Бейбарыс Сұлтан даңғылы мен М.Темірханов көшесі аралығы уақытша толық жабылады. Аталған учаске арқылы өтетін қоғамдық көліктердің жүру бағыты өзгереді. Жаңа бағыттар қосымшада берілген картада көрсетілген. Осы орайда, тұрғындардан жол қозғалысы ережелерін сақтауларын сұраймыз!" дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлеген.
Амандық АБДОЛ