Желіде Атырау қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен әйел адамның денесі табылғаны туралы ақпарат желдей есті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Біз мәселенің мән-жайын білмек болып құқық қорғау органдарына хабарластық.
"Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды" деп жауап берді біздің сауалға облыстық полиция департаментіндегілер.
Амандық АБДОЛ