Атыраулық тұрғын біреуді соттаймын деп өзі кінәлі боп қалды

Атырау қаласының №2 сотында бұзақылық ниетпен, жәбірленушіні тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны үшін айыпталған С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 109-1-бабының 2-бөлігінің 5- тармағы), деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

С.-ға 2023 жылғы 7 қарашада бұзақылық ниетпен жәбірленуші К.-ға қатысты денсаулыққа жеңіл зиян келтірмейтін, өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап, өзінің денесінің сол жақ бөлігімен жәбірленушінің денесінің оң жақ бөлігінен итеріп, тән ауруына ұшыратқаны үшін айып тағылған.

Прокурор сотталушыға айыппұл түріндегі жазаны тағайындауды сұрады. Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Тағылған айып сот тергеуінде өз дәлелін таппады. Сотпен анықталғандай, жанжалдың бастамашысы жәбірленушінің өзі болып, сотталушыны итеріп, оның кабинеттен шығуына кедергі келтірген, сотталушы оған қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданбаған, өзін қорғап, кабинеттен шығуға тырысқан.

Сот үкімімен С.-ның әрекетінде ҚК-тің 109-1-бабының 2-бөлігінің 5-тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ақталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ