Атырауға іссапармен келген UMC жетекші мамандары науқас балаларға тегін кеңес беруде. Іс-шара қос күнге жоспарланған,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мұнда білікті уролог, балалар нефрологы, онколог, гастроэнтеролог, ревматолог мамандары ақысыз қабылдайды.
- Жыл сайын арнайы мамандармен науқас балаларға көмек беруге 11 облысқа барамыз. Бұл іссапардың негізгі мақсаты — балалардың денсаулығын ерте кезеңде тексеру, күрделі жағдайларды уақтылы анықтап, емдеуге бағыттау деді,- "UMC"корпоративтік қорының жетекші маманы Салтанат Рахымжанова.
Айта кетейік, іс-шара Атырау облыстық балалар ауруханасы мен №7 қалалық емханасында өтіп жатыр.