Атырауда 6 мыңнан астам камера «Target EYE» жүйесіне қосылған

Атырауда 6000-нан астам камера «Target EYE» жүйесіне қосылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жүйе бет-әлпет пен көлік нөмірін танып, күмәнді жағдайларды анықтау мүмкіндігіне ие,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қосымша енгізілген сәттен бастап 53 адам тексерістен өткізіліп, 19-ы анықталды. Оның ішінде 2 адам іздеуде жүргендер қатарынан табылды.

- «Target EYE» ақпараттық-бағдарламалық кешеніндегі 4000-нан астамы камера қоғамдық орындарға орнатылған бейнебақылау камералары болса, 2000-нан астамы – интергацияланған камералар (мектептер, балабақшалар, ойын-сауық орталықтары, базарлар және т.б.). 2025 жылдың ақпан айында халық көп шоғырланатын нысандарға (сауда орталықтары, вокзал, әуежай, мектептер) бейнеаналитикалық камералар орнатылды,-деді Атырау ҚПБ ЖБО кезекші аға испекторы Айдос Қошпанов.

Жүйе Ішкі істер министрлігінің ұсынысымен іздеуде жүрген қылмыскерлер, хабар-ошарсыз кеткен азаматтар мен пробациялық бақылаудағы тұлғалардың деректерімен толықтырылды. Нәтижесінде бет-әлпетті тану арқылы 2025 жылдың 31 наурызда BAIZAAR сауда орталығында халықаралық іздеуде жүрген бір азамат, ал 12 сәуірде Атырау халықаралық әуежайында 1991 жылғы тағы бір адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.