Атырауда бір жасөспірім 18 рет ұрлық жасаған

АTPress.kz. 6 сәуір. Атырау облысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс жасаушылардың саны артып отыр. Өткен жылды қоса есептегенде, Атырауда күні бүгінге дейін кәмелет жасқа толмағандармен 34 қылмыс тіркелсе, оның ішінде 18 қылмысты бір жа

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің төрағалығымен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысында айтылды. Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Әсемгүл Әбдірахманованың мәлімдеуінше, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстың барлығы ұрлық фактісі бойынша. Олардың арасында ұрлықты кәсіпке айналдырып алғандар да бар. 

- Жасөспірімдердің қылмысы бойынша Атырау облысы республикада бірінші орында тұр. Ең тәжірибелі ұры 18 рет ұрлық жасаған. Құқық бұзушылардың дені 16-17 жастағы балалар. Жақында 18-ге толғандар да бар. Балалармен әңгімелесіп білгеніміздей, олар мұндай қадамға бұзақылықтан, жұмысы жоқтықтан барған. Оларды қайтадан оқытып, ақылы жұмыспен қамтысақ, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүкіндік бар,  - деді прокурор. 

Комиссия мүшелерінің айтуынша, ұрыларға Нұрсая ықшам ауданындағы №14 үйдің жанында орналасқан дүкенің сатушылары шағым түсіруде. Ұрлық жасап жүргендер аталған тұрғын үйді мекен ететін балалар үйінің түлектері. Бұл үйдің кіре берісіне полиция пункті орналасса да құқық бұзушылықтың тоқтамай келгенін Атырау облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Нұрым Оразбаев та растады. 

- Қазіргі уақытта аталған үйдің әрбір қабатынан полиция қызметкерлеріне пәтер бөлініп, тәртіп қалыпқа келтірілді. Полиция қызметкерлері барлық жағдайды бақылап отыр, - деді Н.Оразбаев.

 

Мереке Асанова

Сурет dpchas.com.ua сайтынан алынған