Атырауда 8 жасар қыздың өлі денесі табылды

ATPress.kz. 19 маусым. Ол Жайық өзенінің Алмалы ауылының тұсындағы арнасынан шыққан.

Бұл туралы өңірлік сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің басшысы Самат Кумашев мәлімдеді. Оның айтуынша, осы кезге дейін қызды іздестіру жұмыстарына жергілікті адамдардан бөлек, 13 құтқарушы, 2 арнаулы техника, 3 қайық, 1 кеме жұмылдырылған.

Қазіргі таңда қыздың денесі медициналық сараптамаға жіберілген. 

 

Айдос Қарабала