Атырауда 30 мың литрден астам арақ заңсыз сатылған

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2023 жылдың желтоқсан айында шаралардың нәтижесінде алкоголь өнімдерін Мемлекеттік лицензиясыз және темекі өнімдерін есепке-алу бақылау маркаларынсыз, сәйкестендіруге келмейтін үлгіде заңсыз жолмен сатумен айналысқан тұлғалар анықталды. Жалпы алкоголь өнімдерінің саны 1222 шыны, темекі өнімдерінің саны 311 дана. Іс-материалдары әрі қарай шешім шығару үшін Әкімшілік сотына жолданды. Сонымен қатар, алдағы уақытта көлеңкелі экономиканы алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралары жалғастырылатын болады.

Айта кетейік, биыл заңсыз акциз өнімдерінің (оның ішінде 30 668 литр алкоголь өнімдері, 1 142 806 қорап темекі өнімдері, 14 697 тонна мұнай өнімдері) жолы кесілді.

Заңсыз акциз өнімдері бойынша нақты фактілер мен деректер анықталған жағдайда 8 (7122) 31-84-30,  8 (7122) 31-84-26 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады. Салықтар туралы толығырақ ақпарат "1414" немесе @atyrauobl_mkd парақшасында. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ