ATPress.kz. 16 маусым. Атырау облысында 2 жыл бойы есірткі дайындаумен айналысқан азаматқа қатысты сот үкімі шықты.
Тергеу дерегінше, ол Талғайран және Алмалы поселкесі аймақтарында есірткі жинаған. Нәтижесінде, 45 келіден асатын ірі мөлшерде марихуана дайындапты.
Сотта айыпталушы және оның қорғаушысы тағылған кінәні толық мойындады. Сондай-ақ, процестік келісім жасауға ерікті түрде ниет білдірді.
Атырау қалалық №2 сотының шешімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 296-шы бабы, 4-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айдос Қарабала
Фото receptdolgolet.ru сайтынан алынған