Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-директорына сот үкімі шықты

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Шухрат Данбайға сот үкімі шықты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облыстық соты оны 4,6 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды. Сондай-ақ, оған мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға өмір бойына тыйым салынды. 

Ал, аталған кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Қанат Сейдуалиевті 3,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Оған да мемлекетітк қызметте жұмыс жасауға өмір бойына тыйым салынды. Екеуіне де енді тұрғылықты қала аумағынан тыс шығуға рұқсат жоқ.

Айта кетейік, аталған азаматтар ҚК 361-бап, 3-бөлігі бойынша кінәлі болып танылған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Ләззат СӘЛІМОВА