АTPress.kz. 9 маусым. Атырау қаласындағы Батыс» өңірлік қолбасшылығы ғимаратында ұйымдастырылған әскери прокурордың қабылдауына 7 азамат қатысты. Қабылдауға келгендердің көпшілігін тұрғын үй заңнамасына байланысты және басқа гарнизондарға ауысу, қаржылай
Қабылдауға келген 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшісі лейтенант Е. Омаров жанұя жағдайына байланысты басқа гарнизонға ауысқысы келетіндігін жеткізді. Оған Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру туралы ережелерiнің талаптары түсіндірілді. Батыс аймағы әскери прокуратурасының хабарлағанындай, Əділет полковнигі Ж. Аекенов «Ашық есік күні» барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2016 және 2201 «г» әскери бөлімдерінде және Қорғаныс министрлігіне қарасты Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдерде болып тұрғындардың сауалына жауап берді.
Мереке Асанова