Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хабар 24 арнасына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин қаңтар оқиғасы кезінде әскери көмек бергені үшін ешқандай "ақы" талап етпегенін айтты.
"Владимир Владимировичпен біздің "қарыздар болатынымыз" туралы ешқандай әңгіме болмағанын жауапкершілікпен мәлімдеймін", - деді Тоқаев ҰҚШҰ контингентін тарту туралы сұраққа жауап бере отырып.
Тоқаев ақпан айының ортасында Мәскеуге сапармен баратынын хабарлады. Екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою жоспарлануда.