Мемлекеттік қызмет қазіргі кезде үлкен беделге ие болатын және халық сенім артатын мемлекеттік аппараттан тұратын тұрақты механизм бе? Осы сұрақтың жауабын толығымен ашып көрейік.
Бұл механизмнің жақсы жұмыс істеуі аппараттың біліктілігімен, кәсібилігімен, жауапкершілігімен және сапаға бағдарлануымен анықталады. Сол себеппен халық мемлекеттік қызметке аса сыни көзқараспен қарайды.
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы және «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп» кодексі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ұстанатын негізгі алғышарты, сұрақтардың жауабы екенінде бәріміз жақсы білеміз. Осыған сәйкес мемлекеттік қызметші өз іс-әрекетінің әр қадамын ойланып жасай отырып, қателікке жол бермеуге тырысады.
Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету үшін мемлекеттік қызметші үлкен шеңбердегі жұмыстарды атқаруы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің қазіргі кездегі беделін біз жақсы білетіндей, жоғары деңгейге көтерілу үстінде.
Жалпы негізге келетін болсақ, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруді елдің басты стратегиясын орындау үшін керек болатын кәсіби механизм ретінде ұққанымыз жөн. Сонымен қатар мемлекеттік аппараттың беделінің деңгейіде еліміздің стратегияларының бірі болып табылады.
Жоғары айтылғандардың негізінде, мемлекеттік қызметші қызмет атқару барысында заңдарды басшылыққа ала отырып, ең алдымен адамгершілікті алдына қояды. Кез-келген тұлғаның мемлекеттік қызметшіге сенім артуы және көмектің боларын сезініп тұруының өзі ол үшін үлкен мәртебе болы тиіс. Әрине, соңғы кездері мемлекеттік қызметшілер арасында болатын мүдделер қақтығысы және қоғамдық резонансты тудыратын жайттар естіліп жатыр. Бұл мемлекеттік аппараттың кәсіби беделінің төмендігінен емес, керісінше, жоғарылауынан деп білеміз. Себебі: кез-келген жерде қателіктер болады, табылады және жойылады. Кей жерде қателіктер жойылмай жалғаса берсе, соңы хаосқа апаратыны бәрімізге мәлім, ал мемлекеттік қызметте қазіргі кезде қателіктердің алдын-алу шаралары мен бізге көрініп жария болуының өзі қоғамдық ризашылықты тудыратыны сөзсіз.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру үшін шетелдік тәжірибе аса маңызды рөлге ие.
Жалпы, шетел тәжірибесінің теориясы мен практикасында мемлекеттік қызметшілердің профессионалды этикасын дамытуға баса назар аударады. Бұл персоналды басқару қызметін оңтайландырумен байланысты болып табылады. Мұндай бағыт АҚШ, Германия, Франция және Ұлыбритания елдерінде аса дамыған. Францияда осы мақсатпен 4 міндетті атқаруды алға қояды, олар: деонтология және этика, жариялылық, бақылау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу. Мысалы, деонтология мен этиканы алайық. Бұл бағытта мемлекеттік қызметшінің профессионалды тұрғыдан әлеуметтік-рухани мінез-құлқы анықталады, яғни ұйымдағы өзара араласуының деңгейі мен жауапкершіліктің құқықтық ғана емес, арнайы моральдық болатынында. Жалпы, дамыған шетел тәжірибесіндегі әкімшілік этиканың ерекшелігі олардың нормативтік құқықтық актілерде толығымен айқын жазылуы және міндетті механизм адамгершілікке сүйенулерінде болып отыр. Адамгершілік, олар үшін кез-келген нормативтік актіде міндетті немесе «императивті» қажеттілік дегеніміз дұрыс болар.
Жалпы, адамгершілік ол кез-келген мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше орын алатын мінез-құлық болып есептеледі.
Бірақ ең бастысы ұлттық санамызды әлсіретпей тек қана мемлекетшілдік сана үшін ғана жұмыс істеуіміз керектігінде түсінуіміз қажет. Сонда ғана біздің елде өркендеу процесі бой алатынына күмәніміз жоқ.
Осындай механизмдерді алға тарту және мемлекеттің игілігі үшін қолдану, біздер сияқты мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеті болмақ.
Айсұлу Мирамғалиқызы,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Атырау облысы бойынша департаментінің
сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманының м.а.