«Ақ Жол» партиясы Елбасы жолдауына қолдау білдірді

АTPress.kz. 1 ақпан. Мемлекет басшысы Үкіметке «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Жаңа индустрияның қалыптасуының маңызды шарты – инновацияны қолдау. Аталған талаптар «Ақ жол» партиясының бағыттарымен үндес келеді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ақ Жол» Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің партияның парламенттік фракциясынының депутаты Азат Перуашев хабарлады. 

- «Ақ Жол» демократиялық партиясы Елбасының халыққа арнаған жолдауында көрсетілген тапсырмаларды қолдайды. Біз үшін кәсіпкерлікті қолдау және экономика аясындағы Елбасының бастамасы маңызды, - деп атап өтті Азат Перуашев. 

«Ақ Жол» парламенттік фракциясы  депутатының айтуынша, алғашқы басымдылық- экономиканың қарқынды технологиялық жаңғыртылуы. Соның ішінде сандық технологияны қолданумен құрылатын жаңа индустрияның өсуі. 

- Президенттің Жолдауын орындау аясында бұл іс алға жылжиды деп ойлаймын. Тек вейчерлі қаржыландыруда ғана емес, және де жалпы технологиялық және инновациялық мемлекеттік қолдауда алға жылжиды. «Біз қызмет ететін кәсіпорындарды ғана жаңғыртып қана қоймай,  индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылған жаңа жобаларға деген амалдарды өзгеру қажет, - дейді Азат Перуашев. 

 

Мереке Асанова