Жас музыканттар шеруі өтті /ВИДЕО

АTPress.kz. 1 маусым. Бүгін Атырауда жасөспірімдерден құралған музыкалық оркестрлер мен ансамбльдер қала көшелерін әуенмен әрлеп, шеру жасап өтті.

Исатай-Махамбет алаңынан бастап орталық көпірге дейін жүріп өткен музыкалық шеруге қаладағы білім беру ошақтарынан 1500-ден аса дарынды сазгер балалар қатысты. Шерудің мақсаты – балалар мен жастардың музыкалық мәдениетін арттыру және өзі білім алатын оқу орнына деген құрметін, мақтанышын қалыптастыру болды. Салтанатты шарада сөз алған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қала тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, болашақ иелерінің дені сау, бейбіт елдің тізгінін ұстар азамат болуларына тілектестігін білдірді. 

- Жас музыкалық оркестрлар мен ансамбльдердің шеруі республика бойынша барлық қалаларда өтуде. Атырау облысында дарынды балалар өте көп. Оларды бірнеше конкурстар мен фестивальдардың жеңімпазы екендігін мақтан тұтамыз. Ал олардың білім алуына, әрі қарай дамуына жағдай жасау мемлекеттің міндеті, - деді аймақ басшысы. 


Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет автордікі