ATPress.kz. 7 қараша. Жылыой ауданында ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың қолынан шыққан түрлі бұйымдар қойылды.
Соның ішінде, қазақтың оюымен өрнектелген құрақ көрпешелер, тоқыма бұйымдар, сөмкелер, тіл үйіретін тәтті торттар көпшіліктің көңілінен шықты.
«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты жәрмеңкеге Жылыой аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Кенғанов, аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері белсене қатысты. Шараның жоғары деңгейде өтуіне «Сенімді құрылыс» ЖШС мен «Юнексстрой» ЖШС өкілдерінің, демеушілердің жалпы, аудан тұрғындарының жоғары деңгейде атсалысқанын атап өткен жөн. Шарадан түскен қаражат осы бұйымдарды жасаған жандарға берілді.
Ж. Шаңқанова