Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы әртістерге берілетін атақтарды сынап тастады

ATPress.kz. 4 желтоқсан. Әртістерге берілетін атақтың сатылануын қайтару керек. Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деп санайды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстанға» сілтеме жасап jasqazaq.kz порталы хабарлап отыр.

«Бүгінде «Еңбегі сіңген қайраткер» атағын әртістер де, дәрігерлер де, агрономдар да алып жатыр. Олардың бәрі Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткерлері. (…) «Қазақстанның халық әртісі» және «Еңбегі сіңген әртісі» атағын мүмкін болса, қайтару керек. (…) Сахнада мэтр – еңбегі сіңген қайраткер және жас талант та – еңбегі сіңген қайраткер қатар отыратын жағдай туындайды», - деді министр дүйсенбі күні Мәжілістегі үкімет сағатында.

«Әрине, бұл мәселе күрделі. Болашақта сіздің қолдауларыңызбен бұған дейін болған құндылықтарды қайтарамыз деп сенемін», - деген пікірін айтты министр. 

Министрдің мәліметтері бойынша, қазіргі кезде Қазақстанда «КСРО-ның үш-ақ халық әртісі бар – бұл Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев».

 

Бек Әзберген

Сурет ratel.kz сайтынан алынған