ATPress.kz. 5 шілде. Астана – тәуелсіздіктің алтын бесігі, мемлекет діңгегі. Осы орайда, 6 шілде – Астана күніне орай қазақстандықтар төрт күн (6, 7, 8, 9 шілде) демалады.
Ендеше, Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары осы демалыс күндерін қалай қызық өткізбек? Сіздердің назарларыңызға Астана күніне арналған мерекелік шаралардың жоспарын ұсынамыз.
6 шілде
сағат 10.00 - ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі (Сарайшық сауда орталығы)
сағат 19.00 - жергілікті өнерпаздардың және қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен «Астана – арман қала!» атты мерекелік концерт (Исатай-Махамбет алаңы)
сағат 22.00 - серекелік отшашу (Исатай-Махамбет алаңы)
7 шілде
сағат 10.00 - ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі (Сарайшық сауда орталығы)
сағат 19.00 - «Ел жүрегі – Астана» атты кешенді шара /қазақтың ұлттық ойындары / концерттік бағдарламасы (Қ. Смағұлов атындағы алаң)
8 шілде
сағат 10.00 - бұқаралық спорттық шаралар (Қ. Смағұлов және С. Мұқашев алаңдары)
сағат 19.00 - «АстанаLIVE» атты караоке кеші (Қ. Смағұлов алаң)
9 шілде
сағат 10.00 - бұқаралық спорттық шаралар (Қ. Смағұлов және С. Мұқашев алаңдары)
Айдос Қарабала
Фото fototerra.ru сайтынан алынған