АTPress.kz. 9 наурыз. Биылғы 22-24 наурыз күндері Атырау қаласында Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйытқы болуымен Блог-Құрылтай өтетіні белгілі. Айтулы шара аясында әлеуметтік желілерде «Мен көрген Атырау» атты мультимедиалық байқ
Байқаудың талаптары:
- байқауға Блог-Құрылтай шарасына тіркелген кез келген блогер қатыса алады;
- арнайы #bckz2017 хештегімен әлеуметтік желілерде Атырау қаласы туралы жарияланған барлық посттар байқауға қатысады;
- үздік материалдарды арнайы қазылар алқасы сараптайды;
- байқау қорытындысы 27 наурызда жарияланады.
Байқаудың мақсаты:
- Блог-Құрылтайды және Атырау қаласын әлеуметтік желілер арқылы кеңінен насихаттау;
- жас блогерлерді ынталандыру;
- қатысушылардың мультимедиалық шеберліктерін шыңдау;
- «Атырау-Ақпарат» медиахолдингін жарнамалау.
Байқау номинациялары:
- Үздік фоторепортаж (1 орын — 50 000 тг, 2 орын — 30 000 тг, 3 орын — 20 000 тг);
- Үздік видео (1 орын — 50000 тг, 2 орын - 30000 тг, 3 орын — 20 000 тг);
- Үздік Инста-пост (1 орын — 30 000 тг, 2 орын — 20 000 тг, 3 орын — 10 000 тг).
Ұйымдастырушы: «Атырау-Ақпарат» ЖШС