ATPress.kz. 23 қараша. Мақат ауданында мектеп оқушылары сәндік-қолданбалы бұйымдар жасаудан сынға түсті.
«Шеберлер қалашығы» атты аудандық байқауда түрлі түске боялған асықтар, әсемдеп өрнектелген киіз үй жабдықтары, өрнектеп тігілген кесте, ағаштан ойып жасалған ұлттық саз аспаптары мен ыдыстар қойылды.
Қазақтың этно-мәдени болмысы паш етілген көрме-байқауда ою-өрнек ою, алаша, ши тоқу, ұршық иіріп, қамшы өру сынды тұрмыстық дағды дәріптелді.
Е. Мырза