ATPress.kz. 31 мамыр. Атырауда «Айгөлек» мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық фестивалі басталды. Биылғы шараға өңірден 300 жуық өнерлі бүлдіршіндер қатысуда.
Н. Тілендиев атындағы кіші өнер fкадемиясында өтіп жатқан байқау алты номинация бойынша бағаланады. Олар: вокал, театрлық-сахналық қойылым, мәнерлеп оқу, хореография, саз аспабында ойнау және бейнелеу өнері шығармашылығы.
«Айгөлек» байқауына Атырау облысындағы 20 астам балабақшаның ең үздік деген тәрбиеленушілері келген. Олар ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Ал балалар оркестрі әлем классиктерінің небір күрделі шығармаларын орындап, көрермен ықыласына бөленді. Сондай-ақ, балғын музыканттар «Менің әжем», «Домбыраның күмбірі», «Туған жер», «Мен – қазақпын» әндерін нақышына келтіре айтты. Сахналық қойылымдарда да ертегі кейіпкерлерінің бейнесі шебер сомдала білді.
Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін байқау 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр. Осы орайда, қазылар алқасының төрайымы Долорес Тасқаринаның айтуынша, бұдан жеңімпаз атанғандар республикалық өнер сайыстарында бағын сынайды. «Бұл байқау Атырауда 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Мұнда мектепке дейінгі ұйымдардың өте ұйымшылдықпен жұмыс істейтінін көруге болады. Декорацияның күштілігі, киім үлгісі, балалардың сахналық мәдениеті ерекше көзге түседі. Сонымен қатар, жүлде алғандарға 1-маусым күні кешке «Исатай мен Махамбет» алаңында өтетін концертке жолдама береміз», - дейді Кіші өнер академиясының директоры.
Тоқтала кеткен жөн, биылғы балалар күні қарсаңында «Нұрлы болашақ» атты бүкілқазақстандық акция өткізіліп жатыр. Ал 1 маусым күні Атырау қаласында балалар және жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді деп жоспарланған.
Айдос Қарабала