ATPress.kz. 12 желтоқсан. Осындай тақырыппен Атырауда Ауған соғысына қатысқан атыраулық ардагерлер ерлігін баяндайтын кітап таныстырылды. Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, кітапта Ауған соғысына қатысқан 546 жауынгердің өмір
- Жерлес жауынгерлеріміз туралы кітап құрастыру ойға келгеннен бастап өз қаражатыммен еліміздің бірнеше облыстарын аралап, атыраулық Ауған соғысының қатысушыларын іздедім. Іздеу барысында төрт жүзден аса жауынгерлермен кездестім. Олар сақтаған құпия, естеліктер келешек ұрпаққа жету керек деп ойлаймын. Осы мақсатта үш жылдың ішінде барлық ардагерлер мен облыс әкімінің тікелей қолдауының арқасында кітап оқырмандарына жол тартты, - дейді басылым авторы Атырау мұнай және газ институтының доценті Айгүл Ермекова.
Кітаптың таныстырылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл бастаған әр өңірдің қоғамдық ұйым мүшелері, облыстағы Аудан соғысы ардагерлері, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.
Шара соңында ауған соғысының Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» және Хиуаз Доспанова атындағы медальдармен марапатталды.
Бек Әзберген