ATPress.kz. 13 қараша. Атыраулық «жас ұландарды» Құрманғазы ауданындағы Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі жинады. Облыстық деңгейде өткен слетта өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік туды.
Мәселен, бірінші кезеңде өрендер «Патриоттық» көріністер бойынша сынға түссе, екінші кезеңде тəлімгерлер мен ұланбасылар сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде ситуациялық жағдаяттардан әркім өзінше шығу жолын көрсетсе, төртінші кезеңде қатысушылар «Жаңа бастау» тақырыбындағы жобаларын қорғады.
Айта кетелік, слетке Атырау облысы «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы Марта Қанатова және аудандық білім саласының мамандары қатысты. Слетта ұйым мүшелері өз сəлемдемелерін өлең жолдарымен жеткізіп, «Жас Ұлан» ұйымының əнұранын шырқады.
Өз тілшіміз