Атыраудан EXPO көрмесіне 700 астам мәдениет қызметкері қатысады

ATPress.kz. 5 мамыр. Астанада өтетін «EXPO-2017» көрмесіне Атыраудан 700 астам мәдениет қызметкері қатысады. Қазір олар халықаралық шараға қызу дайындықты бастап кеткен.

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әбіл Жоламановтың айтуынша, бұл мұнайлы өңір үшін үлкен жетістік болғалы тұр.  

Сондай-ақ, баспасөз мəслихатында салалық басқарманың жоспарлары тізбектелді. Мәселен, жуырда Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында «Сүйінбай» қойылымы көрермен назарына ұсынылады. Жаңа драма «Мәңгілік елдің алтын адамы» атты республикалық театрлар фестиваліне қатысады деп жоспарлануда. 

 

Айдос Қарабала

Сурет Рахим Қойлыбаевтің мұрағатынан алынған