Астаналық ақын қыздар Индер ауданына келді

ATPress.kz. 8 қараша. Заманында өзі өмір сүрген қоғамның ақиқатын жеткізген дүлділ ақындар мен күйшілерді түлеткен қасиетті жерге табан тіреген Айжан Табаракқызы мен Ажар Ерболған бізге арнайы келген сапарларының мақсатын «рухани жаңғыру» деп түсіндіруі о

Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үнін бойға сіңіріп, бәсекелестікке ұмтылу – Елбасы ұсынған рухани жаңғырудың алғышарттарының бірі. Білімді әрі көкірегі ояу болуға ұмтылатын қасиетімізді дамытудың маңыздылығы айқындалған бағдарлама бүгінде талай игі істер мен сапарлардың бағдары болуда. Міне, осындай мақсатпен Атырауға табан тіреген астаналық жас ақын қыздар таяуда ауданымызға арнайы  сапарлай келді.

Заманында өзі өмір сүрген қоғамның ақиқатын жеткізген дүлділ ақындар мен күйшілерді түлеткен қасиетті жерге табан тіреген Айжан Табаракқызы мен Ажар Ерболған «Дендер» газетнің редакциясына арнайы келген сапарларының мақсатын «рухани жаңғыру» деп түсіндіруі осыдан еді. Әдебиет сүйер қауымға  шынайы, лирикалық өлеңдерімен жақсы танылған талантты ақын қыздарға ұжымды таныстырған бас редактор Жанай Амантурлин қоғамдық-саяси газетті шығару процесі мен құрылымын сөз етіп, мәдени-тарихи құндылықтар газетте әрдайым көрініс тауып отыратынын жеткізді. 

«Қоңырым» мен «Астананың аспанынан көшкен бұлт» атты төл туындыларын оқыған ақындармен кездесу осылайша емен-жарқын өтіп, оларға Табылды Досымовтың «Мойындату» атты кітабы сыйға тартылды.

Тарихтан тағылым, өлеңнен ләззат сыйлаған кездесуден соң ақындар Қараойға бет алып,  ақберен батыр, ақын Махамбет Өтемісұлы мазарына барып, тағзым етті. Жол бастаған бас редактор оларды өлке тарихы, табиғатымен таныстырып бірге жүрді.  Сонымен қатар, бард ақын Табылды Досымовтың басына барып, мінәжат етті.  

 

А. Бай