ATPress.kz. 20 қараша. Алматы қаласында өткен XVI республикалық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауына Махамбет ауданындағы З. Ещанова атындағы өнер мектебінің бір топ талантты тәрбиеленушілері мен ұстаздары қатысып, олжалы оралды.
Атап айтсақ, домбыра сыныбынан Назымгүл Мұхамбетқалиеваның оқушысы Нияз Нұрислам бас жүлде, вокал сыныбынан Бибінұр Шакимованың оқушылары Нұрмұхаммед Насимов бірінші дәрежелі лауреат, Мағжан Мамбетиязов екінші дәрежелі дипломант атағын алды.
Домбырашы Мейрамгүл Төлешова дайындаған Аружан Әміржан, Аяулым Елеуова үшінші дәрежелі лауреат атанса, терме сыныбының мұғалімі Кенжегүл Жұмаханованың оқушылары Амина Әбуова бірінші дәрежелі дипломант, Бексана Галимова екінші дәрежелі лауреат мәртебесін иеленді.
Сырнай сыныбының оқытушысы Жанболат Губайдулин даярлайтын сегіз қырлы, бір сырлы жігіт Шыңғыс Халелұлы да бұл байқауда екінші дәрежелі лауреат атағын алды.
Балалардың бойындағы қабілетін одан әрі шыңдап жүрген оқытушыларға да «Үздік мұғалім» атағы берілді. Ал, мектеп басшысы Эльмира Еспусиноваға «Алғыс хат» табысталды.
Республиканың түкпір-түкпірінен жиналған өнерлі өрендердің байқауында кіл жүйріктің ортасынан оза шауып бас жүлдені иемденген Нұрислам Нияз 2018 жылы Астана қаласында өтетін XII халықаралық «Ақ көгершін» байқауына жолдама алды.
Фамиля Қожанова,
Махамбет ауданы