ATPress.kz. 8 қараша. «100 жаңа есім» жобасы үміткерлеріне дауыс беру мерзімі аяқталады. Жеңімпаздар 10 қараша күні анықталады деп күтілуде.
302 үміткердің арасында атыраулық сегіз азаматтың да барын атап өткен жөн. Жоба бойынша, ұсынылған кандидаттардың арасынан бизнес, қоғам, медицина, мәдениет, өнер, ғылым және спорт салалары бойынша үздіктер анықталуы тиіс. Кез-келген онлайн қолданушы әр бөлім бойынша үш адамға дауыс бере алады.
Жаңа есімдердің жетістік жолындағы «ғажайып формуласы» туралы толық ақпаратты 100esim.el.kz сайты арқылы алуға болады.
Ясмин Әли