ATPress.kz. 24 мамыр. Атырау облысының Индер ауданында тепловоз рельстен шығып кеткен.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс жағдай 24 мамыр сағат түнгі 3.30-да тіркелген. Индер селосының тұсында тепловоз теміржолдан белгісіз себептермен шығып кетіпті. Салдарынан төменгі бөлікте аз-кем тұтану болған.
Осы жағдайға байланысты құтқару жұмыстарына жеке құрамдағы төрт адам және екі арнаулы ПЧ-5 техникасы жұмылдырылған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, қайғылы жағдай орын алмаған.
Айдос Қарабала
Фото zello_atyrau-дың Instagram парақшасынан алынған