Атырау қаласында бір автокөлік толық өртеніп кетті

ATPress.kz. 11 қазан. Атырау қаласында бір автокөлік толық өртеніп кетті. Тосын оқиға бүгін, яғни 11 қазан күні, орын алған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Пежо» маркалы автокөлік Атырау қаласындағы Владимирский көшесінің бойында (облыстық перинаталдық орталықтың маңы) отқа оранған. Абырой болғанда, қаза тапқан және зардап шеккен адам жоқ.

Өрт сөндірушілер «тілсіз жауды» сағат 10.31-де өшірген. Оған 1 арнаулы техника және жеке құрамдағы 5 адам жұмылдырылыпты.

Бүгінде көліктің не себепті өртенгені анықталуда.

 

Айдос Қарабала

Фото Youtube желісінен алынған