Жасқайратта жаңа цех ашылды

ATPress.kz. 14 желтоқсан. Қызылқоға ауданында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген пайызбен несие алып, кәсібін ашқандар жылдан жылға көбейіп келеді. Солардың бірі – жасқайраттық кәсіпкер Дариға Меңдіғалиева.

Аталмыш бағдарлама аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан үш миллион теңге несие алған кәсіпкер қажетті құрал-жабдықтарын, материалдарын алып, пластик материалдан есік-терезе жасайтын цех ашты. 

Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған цехтың ашылу салтанатына Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бекнұр Әжіғалиев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Гүлзада Шалағұлова, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Зинеш Сарбуфеева және ауыл тұрғындары қатысты. 

 

Бауыржан Бердіғалиев