Құрылыс саласында жоспарлы іс көп

ATPress.kz, 1 қараша. Биыл Атырау облысы бойынша тұрғын үй құрылысына 16 млрд. 190 млн. теңге бөлінді.

Тұрғындарға 9 ай ішінде 363,9 шаршы метрді құрайтын 418 пәтер пайдалануға беріліп, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға артқан.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Мырзаболатов мәлімдеді. Қазіргі таңда облыста 2644 пәтерлік 44 көп пәтерлі үйдің құрылысы және 10 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Одан бөлек, білім беру саласында 4386 орындық 16 мектептің және жақын болашақта төрт мыңнан аса бөбеккке есігін ашатын 23 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр.

NCOC компаниясының демеушілігімен Исатай ауданының Қызылүй ауылынан 80 орындық мектеп, ТШО компаниясының қаржысына Индер ауданының Ынтымақ аулынан 120 орындық мектеп салынуда. Бұдан бөлек, республикалық бюджет есебінен Нұрсая ықшам ауданынан 624 орындық орта мектеп пен Ұлттық қор қаржысынан Мақат ауданының Доссор поселкесінде О.Сарғұнанов атындағы орта мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда Нұрсаядан балалар және жастар орталығын салу жоспарымызда тұр, - дейді Н.Мырзаболатов.

Оның мәлімдеуінше, биыл облыста теннис алаңының және 70 орындық 2 спорт кешенінің құрылысы  аяқталып, жыл соңына дейін жаңа оқу жылында тағы 2 мектеп пен 4 балабақша іске қосылуы тиіс.

Нұрбейбіт Нұғыманов
Сурет автордікі