ATPress.kz. 1 ақпан. Құрманғазы ауданындағы ауылшаруашылығы мекемелерінің шығарған өнімдерінің көлемі 7,5 миллиард теңгеден асты.
Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, өткен жылы ғана аталған ауданда үш бірдей ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған.
Қазір ауданда екі мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Бұл секторда шығарылған өнім көлемі 7 млрд 640 млн теңгеден асты. Іске қосылған жаңа нысандар қатарында бөтелкедегі су мен сусындар шығаратын цехты атауға болады. Онда сағатына 1400 литр тазартылған ауыз су шығарылады. Сүт өнімдерін шығаратын өндірістік кооператив те жұмысын бастады. Кооператив өткен жылы жергілікті халықтан 64 тонна сүт қабылданып, 16 миллион теңгенің өнімін шығарған.
Бек Әзберген